2023 жылғы 23-27 қазан аралығында инженерлік мамандықтар бойынша Тверь мемлекеттік ауылшаруашылық академиясында халықаралық қатысумен Бүкілресейлік студенттер олимпиадасының II кезеңі өтті. Сондай-ақ, олимпиада аясында «Инновациялық технологиялар: тәжірибе, проблемалар, даму перспективалары» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.
Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің білім алушылары белсенді қатысып, жалпы командалық 3 орын дипломына ие болды.
Олимпиада қорытындысы бойынша біздің команданың білім алушылары жеке біріншіліктерде келесі орындарға ие болды:
* 6В07101 «Көлік, көлік техникасы және технологиялар» білім беру бағдарламасы бойынша Е.Т. Исатаев білім алушы, «Машиналарды жөндеу» практикалық сабағында 2 орын грамотасымен марапатталды;
* 6В07101 «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» білім беру бағдарламасы бойынша И.С. Мусин білім алушы, «Көлік техникасын техникалық пайдалану» практикалық сабағында 2 орын грамотасымен марапатталды;
* 6В07104 «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» білім беру бағдарламасы бойынша К.А. Борисовский білім алушы, жеке біріншілікте 3 орын грамотасымен марапатталды;
* 6В11301 – «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» білім беру бағдарламасы бойынша Р.М. Джашанбаев білім алушы, жеке біріншілікте 2 орын грамотасымен марапатталды;
* 6В11301 – «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» білім беру бағдарламасы бойынша Б.Ш. Узакбаев білім алушы, «Ішкі жану қозғалтқыштарының теориясы» практикалық сабағында 3 орын грамотасымен марапатталды;
Конференция қорытындысы бойынша 6В11301 – «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» білім беру бағдарламасы бойынша Н.А. Акименко білім алушы 3 орын грамотасымен марапатталды;

