2023 жылы 1 қарашада Астана қаласында, Гумилев атындағы ЕҰУ-де Есен Сырым Ғадылбекұлының «8D02208 – Археология және этнология» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған «Сарыарқаның ортағасырлық жерлеу ескерткіштерін пәнаралық байланыстар негізінде зерттеу» тақырыбындағы диссертациясын қорғауына БҚИТУ «Қоғамдық пәндер және дене тәрбиесі мәдениеті» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD, тарих ғылымдарының кандидаты М.Д.Калменов ресми оппонент болып қатысты.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz