2023 жылдың 20 қазан күні Батыс Қазақстан инновациялық технологиялар университетінің Салалық технологиялар институтында TED x форматындағы «Ертең бүгіннен басталады» тақырыбында кездесу өтті.

Кездесудің арнайы қонағы ретінде университетіміздің «Педагогика және психология» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Светлана Мендыгалиқызы Бахишева шақырылды.

Кездесудің мақсаты – тәлім-тәрбиедегі жаңашылдықтарды саралап, құндылықтарды бойына сіңірген жас буынды қалыптастыру.

Кездесуге кафедра меңгерушісі, кафедра меңгерушінің орынбасары, эдвайзерлері мен 6В07102 – Электроэнергетика, 6В07105 – Автоматтандыру және басқару, 6В06104 — Есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер білім беру бағдарламасының білім алушылары қатысты.

Кездесу барысында Светлана Мендыгалиқызы «Ертең бүгіннен басталады» тақырыбында ой тарқатып, білім алушыларға қажетті бағалы мәліметтермен бөлісті. Светлана Мендыгалиқызы қозғалған тақырыпта терең түсінгі бар екенін, адами құндылықтар сақтап, ертеңгі күнін бүгіннен бастау алатыны, өзіне сенімді болып өз ойын еркін айту керек екенін, мақсаттарына берік, өз отбасына, еліне тірек болатындай аяққа нық тұру керектігін айтып өтті. Білім алушылар кездесуден алған өз әсерлерін жеткізіп, толғандырған сұрақтарына жауап алды.

Білім алушыларға спикермен тілдесу ұнады, тәрбиелік мәні бар кездесу болды.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz