Құрметті оқытушылар, магистранттар мен студенттер!

Сіздерді Конституция күнімен құттықтаймын!

Ата заңымыз – қастерлі Тәуелсіздігіміздің сенімді тірегі.

Қазақстан Конституциясы мемлекеттілікті, тұрақтылықты нығайтуға, азаматтардың құқығы мен бостандығын қамтамасыз етуге қызмет етуде. Әлемнің өркениетті елдерімен жан-жақты экономикалық-саяси тең дәрежеде қарым-қатынас қалыптастыру, ірі реформаларды жүргізу – Ата Заңымыздың аясында атқарылуда.

Тәуелсіздігіміздің кепілі болған Конституция күнімен баршаңызды құттықтай отырып, отбасыңызға амандық, зор денсаулық, ырыс пен ынтымақ тілейміз! Еліміздің болашағы жарқын болсын!

ҚР Конституция күніне арналған салтанатты жиын 29 тамыз, сағат 10:00-де БҚИТУ «Рухани жаңғыру» дәрісханасында өтеді (Н.Назарбаев даңғылы 194, 5 қабат, 510 дәрісхана)

Ұйымдастыру бөлімі

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz