Құрметті әріптестер және білім алушылар!
Баршаңызды 7-мамыр Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бейбітшілік пен келісім, бірлік пен тұтастық – қашан да дана халқымыз үшін киелі саналатын ұғымдар. Сондықтан да ұлан ғайыр киелі жерімізді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап қалған бабаларымыз әр азаматты өз елінің қорғаны санап, құрмет тұтқан. Дүниеге келген әр ұлды ел мен жер үшін қасық қаны қалғанша күресуге тәрбиелеп, атамекенін қорғауға баулыған.
Ел қорғаны азаматтарымыз тек шекарамыздың ғана емес, сонымен қатар мемлекеттігіміз бен тұтастығымыздың, қасиетті Тәуелсіздігіміздің қорғаны.
Баршаңызды осынау қасиетті мейраммен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін! Отанымыз аман, аспанымыз ашық, өміріміз бейбіт болып, тұтастығымыз бен бірлігіміз нығая берсін!

Құрметпен,
Ректор Бекболат ШАКЕШЕВ

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz