2023 жылдың 25 сәуірінде «Көлік және технология» кафедрасының техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессоры Л.А.Чурикова “Жайықмұнай” ЖШС аумағында ЕК және ТК инженері А.Г. Зобиннің қолдауымен ПРОП-32 тобының білім алушыларымен «Автомобиль көлігімен жүк тасымалдауды ұйымдастыру» пәнінен тәжірибеге бағытталған сабақ өткізді. Сабақ барысында контейнерлік жүктерді тасымалдау, контейнерлерді ілу ережелерімен, сондай-ақ тасымалдауды ұйымдастырудағы жүк жұмыстарының қосалқы уақытын анықтаумен танысты.