4-21 сәуір аралығында Орал қаласының жастар ресурстық орталығы, «Amanat» партиясының жанындағы «Жастар рухы» ЖҚ ұйымдастыруымен,  Орал қаласының әкімдігінің қолдауымен Орал қаласының студенттері арасындағы «ORAL JASTARY» фестивалі өткізілді.

Фестиваль мақсаты:
➢ Орал қаласының ЖОО және АОО білім алып жатқан студент жастарды біріктіріп, жаңа қазақстандық патриотизмге, ұлтаралық толеранттылық пен рухани келісімге тәрбиелеу;
➢ Талантты жастардың мәдени, рухани дамуына, білім мен тәрбиесінің жетілуіне, шығармашылық өсуіне жағдай жасау.

Фестиваль келесі аталымдар бойынша өткізілді:

  • Шағын футбол;
  • Дәстүрлі ән бағытты бойынша өнер көрсету;
  • Волейбол;
  • Киберспорт;
  • Эстрадалық ән;
  • Шахмат;
  • Үздік аспапта орындау аталымы бойынша өнер көрсету;
  • КВН;
  • Үздік көркем сөз шебері;
  • Үстел теннисі;
  • Хореографиялық аталым бойынша өнер көрсету.

БҚИТУ 4 жоғарғы, 22 арнаулы оқу орындарының арасынан командалық есеппен жүлделі ІІІ-орынды алды.

Университетіміздің студенттері келесі аталымдар бойынша жүлделі орындарға ие болды:

«Волейбол» спорт түрінен ІІ орын (БҚИТУ құрама командасы);

«Киберспорт» спорт түрінен І орын (Тәукенов Рахымжан, Шалабаев Аян, «Дене шынықтыру және спорт» ББ 1, 3-курс студенттері);

 «Эстрадалық ән» номинациясы бойынша І орын (Жагпарова Дана,  «Музыкалық білім» БББ 1-курс студенті);

Дәстүрлі ән бағыты бойынша өнер көрсету – ІІІ-орын (Биргалиев Мукагали, «Мәдени-тынығу жұмысы» ББ 2-курс студенті);

«Шахмат» спорт түрінен І орын (Иргалиев Алихан, «Мұнай-газ ісі» ББ 3-курсының студенті, Сарбупина Айнур, «Дене шынықтыру және спорт» ББ 3-курс студенті);

«Үстел теннисі» спорт түрінен ІІІ орын (Турсынбаев Сыйлыхан, «Дене шынықтыру және спорт» ББ 2-курс студенті);

 «Хореография» жанрының «Заманауи би» бағыты бойынша ІІІ орын («Ару» би тобы).

Жеңімпаз студенттеріміз мен олардың жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз!

                                                       Ұйымдастыру және тәрбие бөлімі

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz