2023 жылғы 6 Наурызда БҚИТУ ИГФ 6В09103 «Ветеринария», 6В09101 “Ветеринариялық медицина” ББ үшін Батыс Қазақстан ғылыми-зерттеу ветеринариялық станциясы ҚазҒЗВИ филиалында тәжірибеге бағдарланған сабақ өткізілді.
Тәжірибеге бағытталған оқыту білім алушылардың танымдық қажеттіліктерін дамытуға, жаңа білім іздеуді ұйымдастыруды қамтамасыз етуге, білім беру процесінің тиімділігін арттыруға ықпал етеді.
Батыс Қазақстан ғылыми-зерттеу ветеринариялық станциясының ғылыми қызметкері Нысанов Ерсайын Салаватұлы «Жануарлар бруцеллезін серологиялық балау» тақырыбында тәжірибеге бағытталған сабақ өткізді. Сабақ барысында студенттерге бруцеллездің серологиялық диагностикасы жануарлардың қан сарысуындағы ерекше антиденелерді анықтаудан тұратынын түсіндірді. Жануарлардың бруцеллезін зерттеу үшін серологиялық реакциялар қойылып, олардан алыңған оң нәтижелерге «бруцеллез» диагнозын қоюға болады. Бұл тәжірибеге бағытталған сабақ студенттердің үлкен қызығушылығын тудырды, іс жүзінде бруцеллезді анықтаудың әртүрлі әдістерімен танысты.

