Барша табиғат оянып, осынау бір әлем түрленер шақ пен тұспа-тұс келетін 8-наурыз халықаралық әйелдер күні қарсаңында, Педагогика, Тілдер және менеджмент факультеттерінің жігіттері нәзік жанды аруларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында «Ана деген тіршіліктің тірегі» атты мерекелік концертін ұсынды.
Мерекелік концерт БҚИТУ Ғылыми жұмыс және халықаралық қатынастар жөніндегі проректор, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Жұбантаев Ізімғали Нұрымұлының құттықтау сөзімен басталып, Стратегия және сапаны қамтамасыз ету жөніндегі проректор, педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Муханбеткалиев Аскен Самуратовичтің құттықтауымен жалғасын тапты. Ұжымның бір топ оқытушылары мен қызметкерлеріне университеттің қоғамдық өміріне белсене қатысып, еңбектегі жоғары жетістіктері және азаматтық ұстанымы үшін Батыс Қазақстан облысының әкімі Н.Төреғалиевпен, Орал қаласының әкімі М.М.Сатқановтың алғыс хаттары тапсырылды.
Мерекелік шара «Шанақ үні» добырашылар ансамблі, «Ару» би ансамблі мен көркем өнерпаздары дайындаған концерттік бөліммен жалғасты.
Жігіттер әйелдер мен жиналғандардың барлығын жарқын және есте қаларлық вокалдық, музыкалық және хореографиялық нөмірлердің нағыз отшашуымен құттықтауға тырысты.
Ұйымдастыру және тәрбие бөлімі
