Қазіргі білім беру кеңістігінде маңызы зор Соuгѕега платформасы студенттер мен магистранттарға әлемдік деңгейде онлайн білім алу арқылы болашақта әртүрлі салаларда жұмыс істеу үшін қажетті білім мен дағдыларды игеруге мүмкіндік береді.
2022 жылдың 4 қазанынан 6 желтоқсанына дейін Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «Шетел тілдері және аударма ісі» кафедрасының 5 оқытушысы мен 3 студенті, “Шетел тілі: екі шетел тілі” оқу бағдарламасының 2 магистранты және “Аударма ісі” оқу бағдарламасының 4 курстың 7 студенті Соuгѕега веб-сайтында Пенсильвания университетінің “Медиа сауаттылыққа арналған ағылшын тілі” курсын тегін өтті. Курстың мақсаты – БАҚ-тың адам өміріндегі рөлі туралы терең түсінікті қалыптастыру, сонымен қатар оқыған немесе көрген ақпаратты сыни тұрғыдан талдау үшін қажетті сөздік қор мен тілдік дағдыларды дамыту. 2023 жылдың қаңтарында қатысушылар курсты аяқтағаны жөнінде сертификаттарға ие болды.
«Ағылшын тілі деңгейін дамыту арқылы медиа сауаттылықты арттыру» жобасын АҚШ-тың мемлекеттік департаментінің білім және мәдениет бюросы қаржыландырып, Америка Құрама Штаттарының ағылшын тілі бағдарламалар басқармасы мен KazTEA (Қазақстан Республикасының ағылшын тілі мұғалімдері қауымдастығы), FIPRO қоғамды дамытуда ақпараттық қолдау қорының қолдауымен жүзеге асырылды. Жоба фасилитаторы – БҚИТУ Тілдер және менеджмент факультетінің аға оқытушысы Н.А.Самиғолла. Сондай-ақ, курс қатысушылары АҚШ Елшілігі мен KazTEA Қазақстан Республикасының ағылшын тілі мұғалімдері қауымдастығының сертификаттарымен марапатталды.

