22.02.2023 ж. инженерлік-гуманитарлық факультетінің Акт залында 1-3 курс студенттеріне «Атамекен» ҰКП, БҚО Кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімі басшысы Айгуль Куспановна Абулкаировамен «Жас кәсіпкерлердің табыс тарихы» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесуге «Табыс тарихы» медиа-жоба негізін қалаушы – Альбина Байгунакова, дизайнер – Айгуль Жаныбекова, жанұялық кәсіпкерлер –Ғалым Сапа және Гүлсая Сапа қатысып, білім алушыларға бизнес жоспар құру, бизнесті жүргізу негіздерінен түсінік беріп, өздерінің тәжірибелерімен бөлісті. Кездесу барысында студенттер өздерін қызықтыратырын бағытта сұрақтар қойып, Start App және бизнес жоспарлау бойынша мәселелерді талқылады.
Оздырылған іс-шара, білім алушыларға бизнес-жоспар құруда және кәсіпкерлік негіздерін ғылыми-зерттеу жұмыстарымен ұштастыруына септігін тигізетініне сенеміз. Аталмыш іс-шараны өткізуге атсалысқан БҚО Кәсіпкерлер палатасының басшылығына және Айгүл Құспанқызына зор алғысымызды білдіреміз.