БҚИТУ ИГФ ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасының ғалымдары мен магистранттары «Аграрлық саладағы өндірісті ғылыммен ұштастыру – мамандарды сапалы даярлаудың кепілі» атты өңірлік ғылыми – практикалық конференцияға қатысты. Аталмыш конференцияны Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының білім беруді дамыту орталығы Жоғары инженерлік – технологиялық колледж базасында өткізді. Конференцияға қонақ ретінде профессор, биология ғылымдарының докторы С.Г. Қанатбаев қатысып, ветеринария саласында білікті мамандарды даярлау тәжірибесімен бөлісті, сондай – ақ іс – шараға қатысушыларға инженерлік-гуманитарлық факультеттің білім беру бағдарламалары туралы ақпаратпен жарнамалық материал таратылды және БҚИТУ – да оқуға түсу шарттары туралы көптеген сұрақтарға толықтай жауаптар берді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz