2023 жылдың 08 ақпан күні «Есеп және қаржы» кафедрасының аға оқытушысы, экономика ғылымдарының магистрі  А.К. Нурманова «Қаржы» БББ-ның 2 курс студенттеріне «БанкЦентрКредит» АҚ-да практикаға бағытталған сабақ өткізді.

Сабаққа Банктің орталық бөлімінің директоры Сайфутдинов Эльдар Рафаэльевич қатысты. Ол банктің клиенттерге қызмет көрсету ережелерімен және бағдарламалық өнімдерімен таныстырды. Университеттің көптеген студенттері осы банкте өндірістік тәжірибеден өтеді және болашақ кәсіби қызметінде қажетті практикалық жұмыс тәжірибесін алады.

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы Эльдар Рафаэльевичке алғыс білдіре отырып, жұмыста одан әрі табыс пен банкке өркендеу тілейді және болашақ жоғары білікті қаржыгерлерді оқыту ісінде одан әрі жемісті ынтымақтастыққа үміттенеді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.