2023 жылдың 24 қаңтарында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «Көлік және технологиялар» кафедрасында т.ғ.д., Тамбов мемлекеттік техникалық университетінің профессоры, «Агроинженерия» кафедрасының меңгерушісі Ведищев Сергей Михайловичтің қатысумен «Дөңгелек үстел» отырысы өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты серіктес университеттер арасындағы одан әрі ғылыми ынтымақтастық мәселелерін талқылау болды.
Келіссөздер барысында ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, химия ғылымдарының докторы, профессор Бурахта Вера Алексеевна БҚИТУ-дың Ресей Федерациясының жоғары оқу орындарымен жемісті ынтымақтастығын атап өтті.
Ведищев Сергей Михайлович ғылыми зерттеулердің бағыттарымен Тамбов мемлекеттік техникалық университетінің, ағымдағы білім беру бағдарламалары, сондай-ақ жоспарланған ғылыми іс-шараларымен таныстырды.
Ғылыми семинардың қорытындысы бойынша кафедра ғалымдарының бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру, гранттық қаржыландыру аясында бірлескен ғылыми жобаны дайындау туралы келісімге келді. Кафедраның ғылыми бағыты аясында ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау, оқытушылардың біліктілігін арттыру, бірлескен ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізу мәселелері де талқыланды.


