2023 жылдың 11 қаңтар күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Тарих және құқық кафедрасы ұйымдастыруымен «Тарих және заң ғылымдарындағы зерттеу әдістері» атты ғылыми семинар өткізілді.
Ғылыми семинар мақсаты тарих және заң ғылымдарындағы инновациялық, тиімді зерттеу әдістерін талқылап, болашақта тәжірибе жүзінде іске асыру.
Ғылыми семинарда модератор, кафедра меңгерушісі Балыкова Аққайын Мұратқызы «Жайық өңірі: тарихи, археологиялық, мәдени мұралар» шаруашылық келісім тақырыбындағы ғылыми жобаның есебінің презентациясымен таныстырды.
Сонымен қатар, ғылыми семинар спикері т.ғ.к., PhD, қауымдастырылған профессор Калменов Мұрат Дабылұлы – «Археологиялық қазба жұмыстарының әдістемесін үйрету» тақырыбында баяндама жасап, әдістемесімен таныстырды.
«Тарих ғылымында архив құжаттарын қолданудың әдістемесі» тақырыбында баяндалған БҚО Мемлекеттік архивінің ведомстволық архивтермен жұмыс бөлімінің басшысы – Доши Бағдат Серікұлы БҚО Мемлекеттік архивінің құжаттарымен электронды форматта қалай жұмыс жасалатынын, құжаттарға тапсырыс беру, жеке кабинетке тапсырыспен келген электронды архив құжаттарын онлайн форматта жұмыс жасау бағытымен бөлісті.
«Медиация – қазіргі заманның қажеттілігі» тақырыбында заң ғылымдарының магистрі, аға оқытушы- Габдулов Ахат Жомартұлы білім беру мекемелерінде жанжалдар мен құқық бұзушылықтарға қарсы әрекет ете отырып, қалпына келтіру тәсілін іске асыру, жанжалдасатын тараптардың дауларын шешуде университет қабырғасында студенттерге медиацияның тиімділігін түсіндіру жөнінде баяндама жасады.
Ғылыми семинарда заң ғылымдарының магистрі, аға оқытушы – Дуйсалиева Гульназ Қамбарбекқызы «Алгоритмы расследования многоэпизодных уголовных дел» тақырыбында көп эпизодты қылмыстық істерді зерттеудің алгоритмін семинар қатысушыларына баяндап берді.
Ғылыми семинарға қатысқан оқытушылар мен білім алушы студенттер мен магистранттар сұрақтарын қойып, ойларымен бөлісті.
