Тамбов мемлекеттік техникалық университетінің ұйымдастыру комитетінің шақыруымен «ЭАиВТ» кафедрасының оқытушылары, қауымдастырылған профессорлар В.П. Захаров пен Л.А.Садықова 21.12-22.12.2022 ж. аралығында өткен Энергетика күніне орай ұйымдастырылған «Энергетикадағы цифрлық трансформация» тақырыбындағы IV Халықаралық ғылыми конференциясына қатысты.
Конференцияның мақсаты – ТМТУ ғалымдары мен студенттерінің және Ресей мен шетелдің серіктес жоғары оқу орындарының қазіргі заманғы энергетика мәселелері, энергия тиімділігі саласындағы цифрлық платформалар мен шешімдерді құру ерекшеліктері, цифрлық мониторинг және болжамды талдау арқылы энергия жүйелерін ұстау мен басқару шығындарын азайту жолдарын іздеу, энергияны бөлу мен сақтаудың перспективалық әдістерін әзірлеу, энергия жүйелерін оңтайландыру бойынша сөз сөйлеуі.
БҚИТУ оқытушылары «Қазақстанның Ұлттық энергетикалық жүйесінің жай-күйі» және «Батыс Қазақстан облысының электрмен жабдықтау жүйелеріндегі электр энергиясы сапасының аспектілері» атты «Электр энергетикасының өндірістік процестеріндегі цифрлық әдістер мен технологиялар» секциясында баяндама жасады.
Конференцияның міндеттері: Тамбов облысы ғалымдарының әріптес жоғары оқу орындарының ғалымдарымен тиімді өзара іс-қимыл жасауы және ғылыми байланыстарын дамыту үшін жағдайлар жасау, іс-шараларға қатысушылардың зияткерлік әлеуетін дамыту, бірлескен зерттеу қызметіне тарту; ғылыми қызметті ұйымдастыру үшін қолайлы орта құру, сондықтан факультет басшылығымен, Энергетика, Ақпараттық жүйелер, Сәулет-құрылыс, Техника және автомобиль көлігі технологиялары кафедраларының меңгерушілерімен кездесу өтті.
Жол картасы бойынша одан әрі жұмыс жоспарлары, бағыттар бойынша дәрістер оқу, диплом бере отырып біліктілікті арттыру, білім алушылар мен ПОҚ-ның академиялық ұтқырлығы, бірлескен ғылыми-зерттеу қызметі белгіленді.


