2022 жылдың 7 желтоқсанда сыбайлас жемқорлық тәуекелдері Картасын іске асыру шеңберінде 6В04202 «Құқықтану» білім беру бағдарламасының білімалушылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның отырысына қатысты. Білімалушылардың қатысуын құқық кафедрасының аға оқытушылары Б.З. Ахметжан, Ж. К. Төлеуғалиева, г. Б. Аралбеков ұйымдастырды.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаментінің басшысы, Қоғамдық кеңес жанындағы «Құқық қорғау органдарымен ынтымақтастық және сыбайлас жемқорлық қақарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның» мүшелері, облыстық басқармалардың басшылығы, қалалық және облыстық мәслихаттардың депутаттары, қоғам қайраткерлері, ҮЕҰ және БАҚ қатысты.

Отырыс кезіндеасылтұқымды мал шаруашылығындамыту, мал шаруашылығыөнімініңөнімділігінарттыру, сондай-ақбілім беру саласына, атапайтқандабілім беру ұйымдарыүшіноқулықтарсатыпалуғажәнежеткізуге, оқушылардытегінтасымалдаудыұйымдастыруға, мемлекеттікбілім беру ұйымдарыноқукабинеттеріменжарақтандыруғабөлінгенқаражаттыигеружәнемақсаттыжұмсаубағыттарыбойыншасубсидиялаумәселелеріқаралды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz