Ағымдағы жылдың 01 желтоқсаны күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, Тарих және құқық кафедрасының аға оқытушылары Г.К.Дүйсалиева мен А.Ж.Габдулов, БҚО ПД-і Арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасының қызметкерлері полиция подполковнигі А.Б.Рискалиевпен және аға лейтенант Б.Х.Шәкіровпен бірлесіп, дуальді оқыту негізінде «Полиция қызметкерлерінің қызметінде қолданылатын қызметтік қару түрлері, оны бөлшектеу мен жинау нормтивтері, қаруды қолдану ережесі» тақырыбында «Құқық қорғау қызметі» және «Экономика және құқық негіздері» білім беру бағдарламалары бойынша полиция қызметкерлерінің басшылығымен және қауіпсіздік техникасын сақтай отырып тәжірибелік-бағдарлық сабақ өткізілді. Сабақ өткеру барысында, Макаров тапаншасын бөлшектеу мен жинау нормативтері көрсетіліп, қызметтік оқу қаруын студенттермен бөлшектеу мен жинау жүргізуге мүмкіндіктері туды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz