4 қарашада «Сәулет және құрылыс» кафедрасында студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары үйірме жұмысы аясында «Құрылыс және сәулет өнеріндегі жобалық зерттеулердің заманауи технологиялары мен әдістері» тақырыбында жоспарлы ғылыми-практикалық студенттік конференция өтті.

Шара барысында өзекті мәселелер бойынша тоғыз баяндама тыңдалды. Студенттер жетекшілерімен бірге тек зерттеу жұмыстарын жүргізіп қана қоймай, өздерінің шығармашылық жобаларын ұсынды. Спикерлер мен тыңдаушылар белсенді қатысты.

БҚИТУ ИГФ кітапханасы кафедраның жетекші бағыттары бойынша ғылыми және оқу әдебиеттерінің көрмесін ұйымдастыруға өз үлесін қосты.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz