2021-2022 оқу жылының 21 қазанында аға оқытушы К.Ж. Губайдуллин 6В07104 – «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» білім беру бағдарламасының «Технологиялық машиналарды монтаждау және пайдалану» пәндерінің теориялық материалын игеру мақсатында “Агрореммаш”АҚ-да ТМО-31 топтарының білім алушылары үшін тәжірибеге бағдарланған сабақ ұйымдастырды.
Тәжірибеге бағытталған сабақ нақты практикалық тапсырмалар мен жаттығуларды орындау арқылы практикалық дағдыларды қалыптастыруға ықпал етті. Ұсынылған мүмкіндік үшін “Агрореммаш” АҚ басшылығына зор алғысымызды білдіргіміз келеді!

