Қазақстанның барлық өңірлерінде 1 қазан мен 1 қараша аралығында «Қайырымдылық айлығы» өткізілуде, бұл – қарияларға, ардагерлерге, мүгедектігі бар адамдарға және тұрғындардың аз қамтылған бөлігіне көмек көрсету бойынша мейірбандық акциясы. Аталған акцияның тарихы 1991 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен 1 қазан «Халықаралық қарттар күні» деп жарияланғаннан бастау алады.

Осы «Қайырымдылық айлығы» аясында өткізіліп жатырған акцияға Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, Педагогика факультеті «Жаратылыстану-ғылыми пәндер» кафедрасының оқытушылары да атсалысты. Орал қаласындағы аз қамтылған екі отбасыға азық түлік алып берді. Екі отбасы да пәтер жалдап тұрады және жұмыссыз. 1-ші отбасы – 5 бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты әке (мүгедектігі бар), 2-ші отбасында екі баласы (1 баласы мүгедек) бар ана (мүгедектігі бар).

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz