2026 жылғы 17–19 қараша аралығында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде Салалық технологиялар институтының білім беру бағдарламаларын халықаралық мамандандырылған (бағдарламалық) аккредиттеу аясында Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің (АРТА/IAAR) сыртқы сараптау комиссиясының (ССК) сапары өтеді.
Сапар барысында сарапшылар білім беру бағдарламаларының АРТА/IAAR стандарттарына сәйкестігін бағалайды, растайтын құжаттарды зерттейді, Институттың білім беру ресурстарымен және материалдық-техникалық базасымен танысады. Басшылықпен, профессор-оқытушылар құрамымен, білім алушылармен, түлектермен және жұмыс берушілермен кездесулер мен сұхбаттар өткізу жоспарланған.
Сыртқы бағалау білім беру бағдарламаларын жетілдіруге және білім беру сапасын қамтамасыз ету жүйесін дамытуға бағытталған.
|
1-Кластер (Аккредиттеу) |
6В11201 Қоршаған ортаны қорғау және тіршілік қауіпсіздігі, 6В09103 Ветеринария, 6В07201 Мұнай-газ ісі, 6В07302 Құрылыс, 6В07102 Электрэнергетикасы. |
|
2-Кластер (Бастапқы аккредиттеу) |
6В09104 Ветеринария (бірлескен білім беру бағдарламасы), 6В07204 Мұнай-газ ісі (бірлескен білім беру бағдарламасы), 6В07106 Электрэнергетикасы (бірлескен білім беру бағдарламасы). |