Ветеринария және биотехнология ғылыми-зерттеу орталығы

Ғылыми-зерттеу орталығы өзінің қызметін ғылыми кеңес бекіткен университеттің ғылыми зерттеулерінің негізгі бағыттарына, университеттермен, ғылыми орталықтармен, қоғамдық қорлармен, қауымдастықтармен, консалтингтік компаниялармен және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен ынтымақтастық туралы шарттарға сәйкес іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер саласында жүзеге асырады.

Ветеринария және биотехнология ғылыми-зерттеу орталығы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Ғылыми-зерттеу орталығының қызметі ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуге бағытталған.

Ғылыми-зерттеу орталығы қызметінің мақсаты ветеринария және биотехнология саласындағы ғылыми, ғылыми-практикалық және инновациялық қызметті ұйымдастыру, әдістемелік сүйемелдеу және тиімділігін қамтамасыз ету болып табылады. Орталық қызметінің мәні ветеринария, биотехнология, тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау, экология сияқты негізгі бағыттар бойынша ғылыми-зерттеу, ғылыми-білім беру жұмыстарын, консалтингтік және басқа да қызмет түрлерін жүргізу болып табылады.

Ғылыми-зерттеу орталығының міндеттері:

  1. Жоғарыда аталған бағыттар бойынша теория мен әдістерге оқытуды ұйымдастыру.
  2. Жоғарыда аталған бағыттарда шаруашылық есептегі зерттеулерді ұйымдастыру.
  3. Ветеринария, биотехнология және экологияның өзекті мәселелері бойынша конференциялар, дөңгелек үстелдер мен семинарлар ұйымдастыру және өткізу.
  4. Ветеринария, биотехнология, тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау, экология салаларында министрліктермен, ведомстволармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, әкімдіктермен, облыстық департаменттермен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету.
  5. Жоғарыда аталған, сабақтас және басқа бағыттарда ақпараттық оқыту құралдарын шығару үшін шағын өндірістер мен делдалдық қызметтерді ұйымдастыру.
  6. Жастарды ғылыми-зерттеу қызметіне тарту бойынша шаралар кешенін іске асыру.

Ғылыми-зерттеу орталығының функциялары:

  1. Өз қызметінің саласы шеңберінде университет бөлімшелеріне қызмет көрсету және белгіленген тәртіппен ҒЗЖ нәтижелері туралы ақпарат беру.
  2. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын әзірлеуге және беруге кәсіпорындармен және ұйымдармен шаруашылық шарттар бойынша жұмыстарды үйлестіру.
  3. Бірлескен зерттеулер жүргізу мақсатында оқу орындарымен, ұйымдармен және кәсіпорындармен ғылыми ынтымақтастықтың перспективалық нысандарын дамыту.
  4. Университеттің білім беру бағдарламалары үшін ғылыми-техникалық және ғылыми-әдістемелік эксперименттік базаның қызметтерін ұсыну.
  5. Ғылыми-өндірістік және инновациялық қызмет бойынша консалтингтік қызмет көрсету.
  6. Оқу процесіне ҒЗЖ нәтижелерін енгізу мен пайдалануды үйлестіру арқылы мамандарды даярлау сапасын арттыру.
  7. ҒЗЖ жоғары тұрған органдарына есептілікті, ғылыми-техникалық ақпаратты ұсынуды ұйымдастыру.
  8. Білім алушыларды ветеринария бойынша кәсіби сертификаттауға дайындау курстарын ұйымдастыру.

 

Ветеринария және биотехнология ҒЗО орталығының сәуір айында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

2025 жылдың наурыз айында Ветеринария және биотехнология ғылыми-зерттеу орталығында атқарылған шаралар

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер жөніндегі Комитетінің отырысы

Ластанған ет еркін сатылады. “Журналистік тергеу бөлімі”

Орал маңындағы ақбөкендер

Батыс Қазақстан облысында ақбөкендердің саны реттелуде

Қазақстандағы Ветеринария: экспорттық нарықтарды қалай ашуға болады? Кадрлар, жалақы және салалық мәселелер

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz