2022 жылдың 22-28 қыркүйегі аралығында әскери бөлімде психикалық гигиена мен психопрофилактика апталығы өтті. Осы іс-шара аясында Батыс Қазақстан инновациялық – технологиялық университетінің Педагогика факультеті, Педагогика және психология кафедрасының аға оқытушылары Баймуханова Б.К. және Жумагулова Г.А. жас сарбаздардың жеке тұлғаларын зерделеуге тәжірибелік көмек көрсетіп, әскерге жаңа келген жас сарбаздардың тез уақытта әскерге бейімделіп, қызметтік – жауынгерлік әрекетке икемделуі үшін бірлесіп жұмыс жүргізді. Іс-шара соңында оқытушыларды әскери бөлім командирі подполковник С.Алкайдаров мақтау қағазымен марапаттады.
5517 әскери бөлімінің бастамасымен 30 қырқүйекте Қазақстан халқы Ассамблеясында күн тәртібінде «Күз қарсаңында әскери қызметшілер арасында суицидтік көріністердің алдын алу жұмыстарының жай-күйі» атты дөңгелек үстел өтті. Шараға Батыс Қазақстан инновациялық – технологиялық университетінің Педагогика факультеті, Педагогика және психология кафедрасының аға оқытушылары Кадыржанова Ж.Е. және Жумагулова Г.А. қатысты. Сонымен қатар, діни конфессияның өкілі – облыстық мешіттің имамы, «Жастар рухы» жастар қанатының өкілі, және психиатр, жеке практикалық психолог және ынтымақтасатын құқық қорғау органдарының психологтары ат салысты.
