Ағымдағы жылдың 24 қыркүйегінде «Денсаулық күніне» орай факультетіміздің белсенділерімен табиғат аясында «OPEN DAY» атты мәдени-спорттық шара өткізілді. Студенттеріміз волейбол, қол күрес, арқан тартыс, эстафета ойындары бойынша жарысты. Волейболдан 4 топқа бөлініп, 1-2-3 орындар берілді. Волейболдан үздік ойыншы атанған Орынбасар Арай. Қол курестен 1 орын алған Балтабай Бексұлтан, 2 орын алған Сарбаев Тұрар және 3 орын алған Сарқыт Дияс. Қыздар арасынан 1орынға ие болған Утешова Аружан. Арқан тартыстан 1 орынға шыққан 2 курс активисттері, 2 орынға 1 курс активисттері, 3 орынға 3 курс активисттері. Көңілді стартта алға шығып 1-інші келіп озған Сарқыт Диас және Балтабай Бексұлтан. Спорттық жарыстардан бөлек студенттеріміз пейзаж жазып жарысты. Үздік пейзаж номинациясына ие болған Қайырғали Адильхан, және сонымен қатар студенттер қызықты номинациямен марапатталды. Бұл шара студенттеріміз үшін тиімді әрі қызықты өтті.


