«Бөбек» Жалпыұлттық қозғалысы» бірлестігі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы елдердің ғылыми-оқу орындары арасында «IV Халықаралық кітап басылымы» жобасын ұйымдастырды.
Инженерлік-гуманитарлық факультеті техника және технологиялар кафедрасының 6В11301 «Көлікті пайдалану, жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» білім беру бағдарламасы бойынша II курс студенті Есқабыл Есболат Елемесұлы қатынасып, І дәрежелі «Үздік студент» дипломымен марапатталды.
«IV халықаралық кітап басылымы» жобасында жас ғалымдарға көрсеткен қолдауы үшін ғылыми жетекші магистр, аға оқытушы Айнур Ароновна Кажияхметова алғыс хатпен марапатталды.
Студент Есқабыл Есболат және жетекшісі Айнур Ароновнаны жеңіспен құттықтаймыз! Сіздерге шығармашылық сәттілік тілейміз!

