2022 жылдың 17 мамырында 6В07501 «Стандарттау және сертификаттау» білім беру бағдарламасының ЗКИТУ БГП «Экология және биотехнология» кафедрасының 1 және 2 курс студенттері Дүниежүзілік метрология күніне арналған семинарға қатысты. Семинар Қазақстан стандарттау және метрология институтымен (KazStandard) бірлесіп ұйымдастырылды. Семинардың мақсаты – студенттердің ой-өрісін кеңейту, «Метрология» ғылымымен таныстыру.
Семинар аясында KazStandard жетекші мамандары, оқытушылар, студенттер стандарттау мен метрологияны дамыту бойынша баяндамалар жасады. Баяндамаларда бүгінгі күннің сапа мәселелері, күш пен айнымалы электр тогының, температураның, массаның және ұзындығының мемлекеттік стандарттарына шолу жасалды. Семинардың мақсатына жетуде метрологияның тек экономикаға ғана емес, сонымен бірге адамдардың және жалпы қоғамның қызметіне оң әсерін растайтын зерттеулердің рөлі зор.
