2022 жылдың 20-21 сәуірі аралығында 6В07302-«Құрылыс» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері Қарағанды техникалық университетінде өткен XӀV Республикалық пәндік олимпиаданың ӀӀ кезеңіне қатысты.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша СТР-32 тобының студенті Серік Мирас Биболатұлы «Геотехника» пәні бойынша ӀӀӀ орынды иеленді, ғылыми жетекшісі «Құрылыс және сәулет» кафедрасының аға оқытушысы Бекқалиев Нұрлан Мейрамұлы, сондай-ақ СТР-32 тобының студенті Овсянников Данила Владимирович алғыс хатқа ие болды, ғылыми жетекшісі Шакешев Бекбулат Темержанұлы.

Республикалық пәндік олимпиадада жүлдегерлерін және қатысушыларын лайықты өнер көрсетулерімен шын жүректен құттықтаймыз!