6В07302 «Құрылыс» білім беру бағдарламасы бойынша 2 курс студенттері үшін ұйымдастырылған «СВ плюс» ЖШС кәсіпорнына экскурсия болашақ мамандықты меңгерудің маңызды кезеңі деп санауға болады. Студенттерге арналған экскурсияны құрылыс және сәулет кафедрасының аға оқытушысы О.У. Тауышев пен құрылыс участкасының бөлім меңгерушісі А.С. Имашевтың жетекшілігімен өткізілді.


“СВ плюс” ЖШС құрылыс материалдарының бөлшек және көтерме саудасымен айналысатын кәсіпорын ретінде 2002 жылы құрылған. 2006 жылы ол әртүрлі маркадағы дайын бетонды шығаруды, FL және FBS іргетас блоктарын шығаруды бастады. 2008 жылы Weiler фирмасының соңғы неміс технологиясы бойынша ұзын стендтерде қалыпсыз, алдын ала кернелген, көп қуысты еден плиталарын шығаратын цехы пайдалануға берілді.


Экскурсия барысында студенттер кәсіпорынмен, оның өндіріс жүйесімен танысып, нақты өзгерістердің нәтижесін көре алды. «СВ Плюс» ЖШС тәжірибесі мен жетістіктері олардың болашақ кәсіби қызметі үшін қажетті дағдылардың, білімдердің және әр түрлі типтегі ұйымдардың басшылары мен мамандары ретінде одан әрі өзін-өзі тәрбиелеудің тамаша көрінісі болып табылады.