2022 жылдың 15 сәуір күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «Құқық қорғау қызметі» білім бағдарламасының 3-курс студенттері Мәншүк Мәметованың мемориалдық музейінде өткен «Саяси қуғын сүргін құрбандарын ақтау» тақырыбындағы кездесуге қатысты.

Кездесу барысында, қазақ даласында 1936-1938 жылдары және Ұлы Отан соғысынан кейінгі уақытта саяси тұтқынға түсіп, сотталған тұлғаларды ақтау және соғыс жылдарында іс-түссіз жоғалған тұлғаларды анықтап, боздақтар қатарына енгізу мәселелері қозғалды.

Кездесу аясында студенттер шараға белсене қатысып, саяси-қуғын сүргін құрбаны болған тұлғаларды ақтау жұмыстарына қатысуға қызығушылықтарын білдірді.

Шарадан кейін, студенттер мұражайдың жәдігерлерімен танысып, мұражай кульминациясы «Мәншүктің өшпес ерлігі» диорамасын көріп, ерекше эмоциялық әсерге бөленді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz