Инженерлік-гуманитарлық факультеті «Техника және технологиялар» кафедрасының 6В07102 «Электр энергетикасы» білім беру бағдарламалары бойынша 1-3 курс студенттері «Батыс Қазақстан ТЭК» ЖШС, «110/10 кВ Северная» қосалқы станцияда таныстыру экскурсиясында болды.

Білім алушыларды «Батыс Қазақстан ТЭК» ЖШС Қалалық электр желілерінің қосалқы станция қызметінің басшысы Виктор Евгеньевич Чесноков қарсы алып, 110/10 кВ «Северная» қосалқы станцияның негізгі құрылғыларымен таныстырды. Экскурсия барысында білім алушыларға электр жабдықтары таныстырылып, олардың жұмыс істеу принципі түсіндірілді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz