2016 жылдың 4 мамыры күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті педагогикалық факультеттің акт залында университет профессор-оқытушылар құрамы және студенттерімен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты Аманжан Макаримұлы Жамаловпен кездесу өтті.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, «Мәңгілік ел» патриоттық идеясы, Қазақстан білім беру жүйесінің үштілділікке көшуі, жастар саясаты, мемлекеттік тілдің дамуы мен нығаюы мәселелері сөз болды.

Қатысушылар тарапынан депутатқа еліміздегі экономикалық жағдаят, мектептер мен ЖОО-дағы көптілділіктің енгізілу кезеңдері, қоғамдық көліктегі студенттерге арналған жеңілдіктер, шетелдік инвесторларға ауылшаруашылық жерлерін беру мәселелеріне байланысты сұрақтар қойылды.

Кездесу барысында қойылған сұрақтарға толымды да толық жауаптар берілді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz