Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің тілдер және менеджмент факультетінің білім нәрімен сусындаған түлектері үлкен өмірге жолдама алды. Жоғары оқу орнын бітіріп отырған бұл түлектердің де арманы асқақ. Биылғы бітіруші түлектерге арналған «диплом тапсыру» мәртебесі үлкен мерекелік салтанатпен өтті.

DSC_0641Ко DSC_0652КоБұл күннің жүректерде жатталып қалары сөзсіз. Үлкен өмірге жолдама алып отырған жастардың жанарынан өз мамандығына деген кәсіби көзқарас, ұшқын байқалады. Университет студенттерінің жұлдызды шеруінің өзінен-ақ, олардың биік мақсатқа өрлеп келе жатқанын сөзсіз жүрекпен ұғып, ерекше қимастықпен қарадық.

DSC_0674Ко
Салтанатты жиында университет түлектерін құттықтап келген БҚИТУ-ң тілдер және менеджмент факультетінің деканы экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Жумаев Жеткіншек Жұмаұлы: «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің билығы түлектері, елімізге, жерімізге сіңіретін еңбектерімен өз нәтижелерін көрсетеді деген сенімдемін.»,-деп ақ жол тіледі. Ал, Университеттің шет тілдері және аударма ісі кафедрасының меңгерушісі филология ғылымдарының кандидаты, профессор Доукариева Ұлдай Кабаханқызы биыл факультет өзінің 20 жылдық тойын тойлайтынын, сонымен қатар, өз түлектерінің есімін мақтанышпен айтуға болатынын атап өтті . Бұлар біздің ең талантты, білімді, өнерлі буыны деп есептейміз. Құрметті университет түлектерінің ата-аналары! Сіздердің өсірген балаларыңыз бүгін, өздерінің үлкен нәтижелерін көрсетіп, диплом алып отыр. Оның өзі сөзсіз үлкен мақтанышқа лайық. Сондықтан осы дипломдарыңыз құтты болсын!»,-деп ақжарман тілегін арнады. Ұстаздар мен ата-аналар алдында барлық университет бітіруші түлектер атынан оқуда озат, қоғамдық жұмыста белсенділік көрсеткен «шет тілі: екі шет тілі» мамандығының түлегі Милюкова Светлана және ең үздік түлегі Наурызгалиева Луиза сахнаға шығып, бітіруші түлектердің атынан профессорлық-оқытушылар ұжымына алғыстарын білдіре отырып, олар осы мамандық кафедрасынан өте терең білім алғандықтарын, сондай-ақ осы факультетте студенттердің білім алуларына барлық мүмкіндік толығымен жасалғанын айтып өтті. Салтанатты кеште университет түлектері Ғабдрахман Әділет, Құлымова Ақкенже, Бақытжан Ботагоз әсем ән шырқап, тамаша билерімен ерекше көңіл-күй сыйлады.Содан кейін кештің ең көрікті сәті «Университет бітіру туралы» диплом құжатын тапсыру рәсімімен жалғасын тапты.

DSC_0679Ко
Бұл шынында да қуанышты сәт. Ешқашан ұмытылмайтын, естен кетпейтін шақ. Алар орны да, мағынасы да өте терең. «Қашан диплом алатын күнге жетер екенбіз!»,-деген жүрек дүрсілінің қуанышты қауышқан сәті. Университеттің «шет тілі: екі шет тілі» мамандығының түлегі Милюкова Светлана: «Бүгін аяулы ұстаздарымызбен, қимас достарымызбен биікке қанат қағып барамыз. Барлығымыздың да алға қойған мақсатымыз бар. Сол мақсаттарымызды, міндеттерімізді орындауаға ұмытылудамыз. Бізді білім әлемінде өз мамандығымызға сай маман болуға қалыптасуға жол салған барша ұстаздарымызға алғысымыз шексіз. Олар біздің қамқоршымыз, тілекшіміз. Енді ұстаздарымыз үміт күткен сол бір асудан да сәтті өтерміз. Армысың асқар шың, сенің де биігіңе шығар күн жақын…»,-деп жүрек лүпілімен бөлісті.

DSC_0739Ко
Биыл тілдер және менеджмент факультетінің, шет тілі және аударма ісі мамандықтары бойынша жалпы 150 түлек бітіріп отыр. Оның 72 түлек күндізгі бөлімін, ал 78 түлек сырттай бөлімдерін бітірді. Олардың барлығы да мемлекеттік сынақтарда үлкен нәтиже көрсетіп, университеттің үлкен мақтанышына айналды. Біз барша қарлығаштарымыздың әлі талай биіктің белестерінен көрінеді деген сенімдеміз, жолдарыңыз болсын – түлектер!

DSC_0681Ко

Басқа фотосуреттер қараңыз

Кафедра меңгерушісі ф.ғ.к.,проф У.К.Доукариева

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz