«Қазақ рухани мәдениеті –қазақстандықтарды біріктіруші басты фактор» атты І секцияның төрағасы – ф.ғ.д., профессор М.Б.Сабыр, хатшысы –ф.ғ.к., доцент Бекмашева А.Н. Бұл секция  бойынша барлығы 50 баяндама тыңдалды.  Баяндамалар, негізінен, тарих, филология және әдістеме бағытында болғанын атап өтеміз. Оларды ғылым салаларына қатысты жіктесек: Тарих бойынша – 13, Әдебиет бойынша -5, Тіл бойынша – 16,  Әдістеме бойынша – 16.

2016 жылдың 29 сәуірінде өткен конфренцияға Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің оқытушыларымен қатар Самара мемлекеттік университетінің профессоры, ф.ғ.д. М.М.Халиковтың Уфа қаласынан М.Акмула атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университетінің оқытушылары А.А.Қапашева мен А.Ғ.Жұмабаевалар қатысты. Сонымен қатар Халықаралық Қазақ тілі қоғамы қоғамдық бірлестігі БҚО филиалының төрағасы Б.Ө.Жексенғалиев баяндама оқыды. Орал қаласы, Подстепное ОЖББ мектеп мұғалімі Г.Н.Мұқанованың «Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқытудың тиімді жолдары» атты баяндамасы да мазмұнды болды.

IMG_0356Ко

Тарих ғылымына қатысты оқылған баяндамалар Қазақ хылқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне 100 жылдығына, қоғамдағы толеранттылық мәселесіне, қазақ халқының демографиялық жағдайы, жастар саясаты өзекті мәселелерге арналған.

Филология бойынша оқылған баяндамаларда қазіргі тағдағы жаңа бағыт – тілдегі когнитивті лингвистика, қазіргі қазақ романдарының даму тенденциясы, қазіргі балалар әдебиеті,  қазақ тіліндегі концепт мәселесі сөз болды.

Ал әдістеме бойынша ф.ғ.к., доцент Д.Ж.Құсайынованың, п.ғ.к., доцент М.Қ.Ажғалиевтің, аға оқытушы Т.Т.Қуаныштың, педагогика ғылымдарының магистрі Ж.Т.Нұғманованың, БҚИТУ магистранты М.Е.Сапарғалиеваның  баяндамаларын ерекше атап өтуге болады.

Қорыта келе, секцияда оқылған баяндмалардың тезистерін осы конференцияның жинағына енгізуге шешім қабылдаймыз.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz