Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университет студенттері «Технопарк Алгоритм» ЖШС өткізілген Батыс Қазақстан облысы оқушылары мен студенттері арасындағы «INNOVA – 2016» инновациялық жобалар байқауына қатысты.
Байқауға жаратылыстану ғылымдары, инженерлік ғылымдар, мұнай-газ саласы, IT – технология бағыттары бойынша Батыс Қазақстан облысы жоо студенттері мен колледж оқушылары қатысты.
Байқауға БҚИТУ инженерлік-технологиялық факультеті атынан 8 студенттік жұмысқа өтінім берілді, 8 жұмыстың барлығы байқаудың екінші кезеңіне өтті.

