2016 жылдың 29-30 сәуірде Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің инженерлік-технологиялық факультетінде № 111 аудиторияда «Экология, ветеринария, биотехнология: қазіргі жағдайы және перспективті дамуы» секция отырысы өтті.

Секция отырысында 24 ғылыми баяндама жоспарланып, соның ішінде 15 баяндама тыңдалды және 9 баяндама көрмелік баяндама түрінде ұсынылды.
Конференцияға қатысушылардың баяндамалары Қазақстан Республикасындағы және Батыс Қазақстан облысы, сонымен қатар экология, ветеринария және биотехнология салаларындағы өзекті мәселелерге қозғады.

«Чинарев мұнай-газ конденсат кен орнының қоршаған ортаға әсерін бағалау», «Шалқар көлінің қазіргі гидроэкологиялық жағдайы», «Возрастная динамика инвазированности овец стронгилятозами пищеварительного тракта овец в условиях подсобного хозяйства ТОО Адиет», «БҚО су қоймаларындағы балық қорының қазіргі жағдайы және болашағы» атты тақырыптарындағы баяндамаларды ерекшелігімен атап өтуге болады.

Барлық тыңдалған және де көрмелік баяндамалар өзіндік зерттеу маңыздылығымен, ғылыми көзқарастарымен өзекті болып келеді. Баяндамалар кестелер мен сызбанұсқалар презентация арқылы безендендіріліп, ұсынылды.