«Қаржы» кафедрасының аға оқытушысы Машанова Самал Амангелдіқызы мен «Тарих және әлеуметтік гуманитарлық пәндер» кафедрасының меңгерушісі Балыкова Аққайың Муратқызы Польшаның Быдгощ қаласындағы әріптестік Экономика университетіне барып келді.

Тәжірибеден өту барысында біздің әріптестеріміз университет мекемесінің ғылыми жүйесімен танысты. Университет әлі жас, бірақ ЕО-та жақсы беделге ие. Қазіргі таңда мұнда 20 түрлі мамандық бойынша 700 студент білім алады.
Біздің әріптестеріміз экономикалық мамандық бойынша магистратура және бакалавриаттың білім беру бағдарларымен танысты. Бұл институт экономика және мендежмент бойынша мынадай мамандықтарды даярлайды: Бухгалтерия және салық, Банк және қаржы, Транспорт, Экспедиция, Логистика, Шаруашылықты басқару, Халықаралық қатынастар, Халықаралық маркетинг, Мәдениет саласындағы басқару. Магистранттарды даярлау мынадай мамандықтар бойынша жүргізіледі: Логистика және экономика транспорты, Халықаралық бизнес, Қаржы және инвестиция, Есеп және аудит, Қызметкерлерді басқару, Экономика және мемлекеттік басқару, Халықаралық сауда, Басқару экономикасы, Халықаралық қатынастар. Әлеуметтік ғылым институтында студенттерді мынадай мамандықтар бойынша даярлайды: Мектепке дейінгі және мектептегі педагогика, Ресоциализация, Психопедагогика, Қызметкерлерді басқару, Әкімшілік және мемлекеттік басқару, Қылмыстық іс, Журналистика және БАҚ, Қоғамдық қауіпсіздік.

Польшалық әріптестеріміз әдістемелік нұсқау, мақалалар, жазбаша және электронды түрдегі журналдар сияқты ақпараттық материалдарымен кеңінен таныстырып, университеттің ғылыми кітапханасымен, экономика және қаржы саласындағы әдебиеттермен, тарихымен таныстырып, электронды нұсқадағы кітаптар мен мақалаларын тарту етті.
Польшалық әріптестерімізбен университеттің оқу, ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және студенттердің білімін бағалауда қашықтықтан басқарылатын рейтингтік жүйені, әртүрлі формадағы критерилер мен балдық жүйенің қолданылуын сөз етті.Қашықтан басқарылатын білім беру жүйесінде заманауи ақпараттық технологияларды қолданудың әдістемесімен танысты.
С.А.Машанова мен А.М.Балыкова Туризм мамандығының 2-курс студенттеріне «Жаңа Қазақстаннның әлеуметтік-экономикалық жағдайы» және «Қазақстан тарихы» тақырыптары бойынша дәріс оқыды.
Осы айтылғандарды жинақтай келе, мынадай қорытынды жасауға болады:
- Шетелдік білім беру жүйесінің басты артықшылығы – көп деңгейлі білім беру және қашықтықтан оқыту жүйесінің болуы.
- Аталмыш оқу орнында студенттердің академиялық ұтқырлығы бойынша жұмыстар жақсы жолға қойылған. Бұнда Украина, Ресей, Қазақстаннан келіп, оқып жүрген студенттер көп.
- Университеттің техникалық жағынан жабдықталуы жоғары деңгейде.
Дәрісханалар заманауи техникалармен жабдықталып, оқу орны түгелдей ғаламтормен қамтылған,әрбір оқытушының ғаламторға қосылған дербес компьютері, оқытушыларға арналып толықтай жабдықталған қонақүйде бар. Ата – аналар мен студенттер үшін оқу үдерісі туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік беретін ақпараттақ жүйе іске қосылған. Студенттік асхана, заманауи спорттық кешен мен бассейн, фитнес орталығы жұмыс істейді.
- Сырттай және қашықтықтан оқыту бөлімінің студенттеріне семинар тапсырмаларын, бейне-дәрістерді ғаламтор арқылы алуға жағдай жасалған.
- Тәрбие жұмысы да жақсы жолға қойылған. Университетте студенттік театр, фото музей және т.б. бар.
Оқытушылардың 1 жастан 5 жасқа дейінгі балалары университет жанындағы балабақшаға бара алады. Сол балабақшадан студенттердің өздері де машықтан өтеді.