28-30 сәуірде Батыс Қазақстан инновациялық–технологиялық университеті Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы және Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-сімен бірігіп ұйымдастырылуымен Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Қазақстандықтар-болашағы біртұтас ұлт» атты халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференциясы өтті.

Тілдер және менеджмент факультетінде конференция жұмысы келесі ғылыми секциялар бойынша өткізілді:

  1. «Мәңгілік Ел» құндылықтарының принциптері  негізінде қоғамның  біртектілігі мен  біртұтастығын нығайту;
  2. Көптілділік қазіргі  Қазақстан дамуының  басым бағыттарының бірі ретінде;
  3. Қазақстан экономикасы дамуының өзекті мәселелері  мен келешегі.

Секциялар  жұмысы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізілді.

 «Мәңгілік Ел»  құндылықтарының принциптері  негізінде қоғамның  біртектілігі мен  біртұтастығын нығайту» секциясында мәдени-тынығу жұмысы және жалпы білім беру пәндері кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы, колледж оқытушылары және қаланың басқа да жоғарғы оқу орындарының ғалымдары қатысты.

DSC_0416Ко

Секция отырысында мәдениеттану, филология, тілтану, саясаттану, философия және Қазақстан тарихының маңызды мәселелері бойынша  27 ізденушінің ғылыми баяндамалары тындалды. Қатысушылар ұсынылған баяндамаларды тындап,  талқылағаннан кейін жұмыс қорытындысын жасай отырып, конференцияның өткізілуі кафедраның ғылыми өміріне үлкен үлесін қосатындығын атап өтті.

Барлығы бір ауыздан конференцияны жоғары деңгейде өткендігі, өнімділігі, шығармашылық ахуал туралы өз ойларын білдірді.

«Көптілділік  қазіргі  Қазақстан дамуының  басым бағыттарының бірі ретінде» секция отырысында ғылыми баяндамаларымен 36 ғалымдар қатысты. Конференцияға қатысушылардың баяндамалары ғылыми, қызықты және пайдалы ақпараттық мазмұнда болды. Көптеген баяндамаларда айтылған заманауи жағдайдағы жұмыс әдістері мен идеялары зерттеуге және қолдануға лайықты. Бұл секцияға Орынбор мемлекеттік университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы А.В. Кирьякова және Орынбор мемлекеттік педагогикалық университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Ш.Ф. Биккулов қатысты.

DSC_0457Ко

«Қазақстан экономикасы  дамуының өзекті мәселелері  мен келешегі» секция отырысында 39 ғылыми баяндама тыңдалынды. Секция отырысында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің оқытушыларымен қатар С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің профессоры, э.ғ.д. Б.Е.Рустембаев, аға оқытушы А.Н.Рустембаева және аға оқытушы, магистрант А.В. Хапова, аға оқытушы Ж.Нурланқызы, аға оқытушы, э.ғ.к. Р.А.Карабасов, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ доценті, э.ғ.к. Г.А.Айешева, Самара мемлекеттік экономикалық университетінің профессоры, э.ғ.д. Ю.В. Матвеев және профессор, э.ғ.к.  К.Ю.Матвеев қатысып, баяндамаларын оқыды.  Баяндамалар  қызықты және  ғылыми, танымдық мәліметтерге толы болды.

DSC_0501Ко

30 сәуірде Батыс Қазақстан инновациялық–технологиялық университетінің ректоры, профессор, экономика ғылымдарының докторы Р.С. Габдуалиева «Ресей– Қазақстан халықаралық сыртқы экономикалық ынтымақтастық. Қазақстаннан көзқарас.» тақырыбында баяндамасын оқыды. «Ресейдегі азық-түлік тауарларын импорт алмастыру саясатының ерекшеліктері» тақырыбында Н.И. Вавилов атындағы Саратов мемлекеттік аграрлық университетінің профессоры, экономика ғылымдарының докторы И.Ф. Суханова баяндамасын оқыды. Магистранттарға магистрлік диссертацияны жазу әдістемесі бойынша шеберлік сыныбын өткізді.  Біздің факультетіміздің магистранттары А.М.Туманова «Батыс Қазақстан облысында индустриалдық-инновациялық стратегияны жүзеге асыру барысы», Т.С. Ханатов «Батыс  Қазақстан облысының əлеуметтік-экономикалық тұрақтылығының ерекшеліктері»,  Л.К. Батырбекова «Қызметкерлердің еңбегін ынталандыру және мотивациясын жетілдіру» тақырыптарында баяндамаларын оқыды. Секция отырысына халықаралық байланыс және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, профессор, химия ғылымдарының докторы В.А.Бурахта, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің профессоры, экономика ғылымдарының докторы А.И.Гиззатова, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің доценті, экономика ғылымдарының кандидаты А.А.Ким  қатысты.

DSC_0535Ко

Жалпы қорытындылай келе «Қазақстандықтар-болашағы біртұтас ұлт» атты халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференциясы жоғары ғылыми және практикалық деңгейде өткізілді.

DSC_0564Ко

Конференция аясындағы ынтымақтастық үшін шет ел ғалымдарына алғысымызды білдіреміз.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz