2022 жылдың 10 қаңтары мен 12 қаңтары аралығында БҚИТУ кафедраларында ғылыми семинарлар өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқытушылардың ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін ұсыну және талқылау, перспективалық бағыттарды анықтау және бағалау, ғылыми-практикалық, ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметте тәжірибе алмасу.

Ғылыми семинарларда кәсіпорындар мен ұйымдардың тапсырыстары бойынша жүргізілген зерттеулер туралы ғылыми жетекшілер мен орындаушылардың баяндамалары тыңдалады; 2021 жылға қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарымен бірлескен ғылыми зерттеулерді орындау бойынша шығармашылық ынтымақтастық жоспарларын іске асыру туралы есептері; ҚР жоғары оқу орындарының докторанттары мен РФ жоғары оқу орындарының аспиранттарының ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауы туралы есептер, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің гранттық қаржыландыру конкурсына қатысу үшін ғылыми-зерттеу жобаларының тақырыптары ұсынылды.

Семинар соңында кафедра меңгерушілері қорытынды шығарып, семинар жұмысының негізгі нәтижелерін атап өтті.

БҚИТУ ғылыми бөлімі

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz