Оқу жылындағы Тарих және құқық кафедрасы ұжымының басты жетістігі 2021 жылы 28 желтоқсанда Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай цифрландырудың жаңа технологияларын қолдана отырып шығарылған «Орал қаласының тарихы» интерактивті кітабы оқырманға жол тарты. Бұл – еліміздің батыс өңірінде заманауи цифрлық форматта жасалған алғашқы туынды. Еңбек Орал қаласы әкімдігінің тапсырысымен дайындалды. Интерактивті кітап ІТ–технологияларға сүйенген медиаконтентпен сүйемелденген. Орал әкімінің бейне үндеуі, фотогалерея, виртуалды турлар, мұражай экспонаттары мен ескерткіштер 3D форматта АR белгінің көмегімен қаралады, интерактивті фотосуреттер, мәтіндердің орыс және ағылшын тілдерінде аудармасы QR- код бойынша қаралады. Кез-келген электронды гаджет арқылы кітаптың медиамазмұнымен танысуға болады. Кітапты жалпы редакциялап, өңдеген тарих ғылымдарының докторы, академик Т.З.Рысбеков. Редакция алқасында Тарих және құқық кафедрасы оқытушылары тарих ғылымдарының докторы, профессор Б.Г.Шинтимирова, тарих ғылымдарының докторы, профессор С.Т.Рысбекова, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор С.Б.Құрманалин, phD доктор М.Д.Калменов, тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Р.Л.Абдрахманова, тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор А.М.Балыкова.



