2021 жылдың 29 қарашасында «Есеп және қаржы» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелді университеттің тәрбие ісі жөніндегі проректоры Абекешев Аянбек Иманбаевич жүргізіп отырды. Аталмыш шараға ел дамуының қалыптасуы кезінде өндірісте жұмыс жасаған ардагер-оқытушылар Жәңгір хан атындағы БҚАТУ доценті, э.ғ.к. – Бисенов Сағындық Хамзиевич, БҚИТУ ғалымдары Махмудов Асқар Джуматаевич э.ғ.к., қауымдастырылған профессор, Джумакаева Баян Сабировна х.ғ.к, профессор,Гравшенкова Вера Борисовна және факультет деканы Раманова Айгүл Абибуллаевна қатысты.
Сұхбат барысында тәуелсіздік жылдарындағы өндіріс пен білім беру саласындағы ахуал сөз болды. Теория мен практика ұштасқанда ғана нәтиже болатындығы уақытпен дәлелденгендігін сөйлеушілер Тәуелсіз еліміздің экономикасының қарқынды дамуынан көруімізге болатындығын атап өтті.
Сөз соңында кафедра меңгерушісінің орынбасары Шолпан Дисенбайқызы дөңгелек үстелге қатысушыларға мазмұнды әңгімелері үшін рақмет айтып, отырысты қорытындылады.
