2021 ж. 26 қарашада Тарих және құқық кафедрасының ұйымдастыруымен 1 желтоқсан Тұңғыш президент күніне орай «Тұңғыш президент: тұлға, тарих, тағылым» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Шараға тарих және құқық кафедрасының оқытушылары мен Тарих және Құқық қорғау қызметі мамандықтарының 1- 4 курс студенттері қатысты.
Шараның мақсаты Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолын насихаттау, сол арқылы жастарға үлгі-өнеге көрсету. Қасиетті ұлан байтақ жерімізді, кең пейіл елімізді, бір сөзбен айтқанда қара шаңырақ Отанымызды сүюге, дамытуға, қорғауға баулу болып табылады.
