Практикаға бағытталған дуалдық оқыту жүйесін білім беру үдерісінде қолдану қазіргі таңда күн тәртібіне шыққан мәселе. Осыған орай қаламыздағы №10 «Балапан» бөбекжайымен келісім шарт жасалып, кафедраның филиалы ретінде ынтымақтастық орнатылды. Жоспарланған шаралар негізінде 2021 жылдың 22 қарашасында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, педагогика факультетінің «Педагогика және психология» кафедрасының оқытушылары: А.А. Гинаятова мен А.М. Сатыбалдиева «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасының студенттерімен бірігіп, тәрбиешілер мен тәрбиеленушілерге ұлттық ойындары арқылы балалардың, ептілік, дәлдікке, тапқырлық, байсалдылық қабілеттерін дамытуға ықпал ету мақсатында «Алтын асық кімге бұйырады?» атты сайыс ұйымдастырды. «Достық, «Бәйтерек», «Балбөбек» топтарына бөлінген жарыс бес бөлімнен тұрды. Қатысушылар асық арқылы санау, құрастыру, асық үстінен жүру, математикалық, логикалық тапсырмаларды шешу, түрлі оқиғаларды ойлап тауып, балалардың танымына қоршаған әлем заңдылықтары мен жағдаяттарын қызықты түрде жеткізуге тырысты. Сайыс соңында жеңімпаз топ анықталып, мақтау қағаздарымен марапатталды.
