2016 жылдың 7 сәуірінде Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Ғылым аптасы аясында инженерлік-технологиялық факультетінің экология және биотехнология кафедрасымен С. Баишев атындағы Ақтөбе университеті арасында Семей ядролық полигонының жабылуына 25 жыл толуына байланысты онлайн режимде дөңгелек үстел өтілді. Дөңгелек үстелдің тақырыбы: «Қазақстандағы ядролық сынақтың зардаптары».

IMG_1806Ко

Дөңгелек үстелдің мақсаты – Қазақстан жастары арасында әлемдегі ядролық сынақтарға тыйым салуға насихаттау. Дөңгелек үстелде Қазақстан Республикасының Семей және Батыс аймақтарының экологиясына ядролық сынақтардың әсерінің өзекті мәселелері, сонымен қатар ол жарылыстардың адам денсаулығына зардаптары қарастырылды. Өздерінің баяндамаларында студенттер антиядролық қозғалыстың негізгі ережелері, соның ішінде, «Невада-Семей» қозғалысының ұйымдастырушысы және Президенті Олжас Сулейменов, сонымен қатар сынақ полигонын жабуда үлкен роль атқарған ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев туралы айтылды.

IMG_1838Ко

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz