2016 жылдың 4-8 сәуірі аралығында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде Ғылым апталығы аясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған, халықаралық қатысым жүргізілетін «XXI ғасыр жастары мен ғылымы» XVI ғылыми студенттік конференциясы өтеді. Конференция Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған. Елбасы Н.Ә.Назарбаев қазіргі уақыт – дарынды, табанды, өзіне сенімді, армандай алатын және армандарын жүзеге асыра алатын ерік-жігерге ие адамдардың уақыты екендігін айырықша атап айтты. Мемлекет жаңа буын алдында барлық есіктер мен барлық жолдарды ашты, жастарға лайықты білім алуға жәрдемдеседі, ғылыммен айналысуға мүмкіндіктер береді.
Біздің университетте ғылымың дамуына, жастарды ғылымға тартуға көп көңіл бөлінеді, бұл дарынды, белсенді, білімді жастардың қалыптасуына себепші болады және сол арқылы Қазақстандағы зияткер ұлтты қалыптастырады.
Біздің жоғары оқу орнында Ғылым аптасын өткізу – бұл жыл бойынша студенттік ғылым қорытындыларын шығару.
Осы оқу жылында біздің жоо студенттері беделді халықаралық және республикалық ғылыми конференцияларға және инновациялық байқауларға қатысты. Бұл – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Студенттердің республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауына, Компьютерлік технологиялар бойынша халықаралық байқауға, Ресей, Қазақстанмен өткізілетін Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысу. Біздің жоо студенттерінің қазақстандық және ресейлік ғылыми журналдарда жарияланымдары бар.
БҚИТУ студенттері инновациялық байқауларға белсенді қатысады, «Біз-болашақтың қуатымыз!» атты жастар арасындағы Республикалық инноввациялық және серпінді жобалар байқауының, «Болашақ» бірлескен қоры және әкіммдікпен өткізілген әлеуметтік – маңызды жобалар байқауының,.БҚО жастар саясаты мәселелері бойынша басқармасымен ұйымдастырылған «Жыл көшбасшысы – 2015» байқауының жеңімпаздары болып табылады. «ZIAT» ғылыми-әдістемелік орталығымен өткізілетін ( Астана қ.) «Жас Ғалым» зерттеу жұмыстары байқауында біздің студенттер ғылымның әр түрлі бағыттары бойынша 17 жеңіске жетті.
«XXI ғасыр жастары мен ғылымы» атты бүгінгі конференция– ауқымды: конференцияға Ақтөбе мен Шымкентегі қазақстандық жоо, Самара, Саратов, Уфаның ресейлік жоо студенттері қатысады. Ғылымның әр түрлі бағыттары бойынша 12 секцияда техникалық, жаратылыстану, экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық, мұнай-газ ісі, ақпараттық, педагогикалық, заң бағыттары бойынша 300-ден астам студенттік баяндамалар ұсынылатын болады. Ғылым апталығы аясында 1-5 курс суденттері арасында ғылыми шаралар өткізілетін болады: С. Баишев атындағы Ақтөбе университетімен on-line режимінде өткізілетін, «Невада-Семей» қозғалысының 25 жылдығына арналған «Қазақстандағы радиациялық ахуалдың зардабы» тақырыбындағы дөңгелек үстел; «Info PhM» компьютерлік технологиялар бойынша ғылыми жұмыстардың ашық байқауы; ; «Ұлт жоспары – Қазақстанның болашағы» тақырыбындағы дөңгелек үстел ; «Дедолларизация национальной экономики» тақырыбындағы дөңгелек үстел; «Полиязычие – основа формирования поликультурной личности» тақырыбындағы дөңгелек үстел; «Business online. New technology and working from home» тақырыбындағы дөңгелек үстел; «Приоритеты научного сотрудничества студенческой молодежи России и Казахстана в 21 веке» тақырыбындағы РФ Халықаралық нарық институтының (РФ, Самара қ.) студенттері мен Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті студенттері арасындағы онлайн-кездесу және басқалары. Шаралар қызықты және өзекті. Студенттік ғылыми жұмыстар деңгейі жылдан жылға артуда.
Ғылыми конференция қатысушыларды ғылыми-зерттеу жұмысына ұмтылу, өздерінің ғылыми ізденістерін тәуелсіз Қазақстандағы білім деңгейін арттыруға бағытталған замануи тұжырымдамамен сәйкестендіру біріктіреді.
Конференция аяқталғанда қорытындылар жасалып, жүлделі орындар беріліп, жеңімпаздар мадақтама және дипломдармен, өзекті және қызықты бяндамалары үшін бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады.
XVI ғылыми студенттік конференция нәтижелері бойынша конференция материалдарының жинағы басылып шығарылады.