5-6 сәуір аралығында 2016 жылы «Шет тілдер және аударма ісі» кафедрасында Ғылыми апталық аясында «Көптілдік – қазіргі Қазақстанның дамуының алғышарты» атты секцияда Қазақстан Республикасының 25-жылдық Тәуелсіздегіне арналған «XXI ғасырдың жастары мен ғылымы» тақырыбында кезекті XVI ғылыми-студенттік конференция жиыны өтті. Конференцияны ф.ғ.к., профессор, БҚИТУ Шет тілдері және аударма ісі кафедрасының меңгерушісі Доуқариева Ұ.Қ. ашты. Ол барлық конференция қатысушыларына қызықты және жемісті еңбек тілеп, Жас ғалымдар кеңесі мен студенттік ғылыми бірлестігін қатыстыруымен бірге ұсынылған жұмыстар ғылыми-зерттеу жұмысытарды нақты жоспарлауға, көптілді білім беруді дамытудағы тағайындалған мақсат пен міндеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік беретіне үмітін білдірді.
Конференцияда «Көптілділік – қазіргі Қазақстанның дамуының алғышарты» тақырыбында ғылыми баяндамалар оқылды. Мысалы, 4 курс студенті Курманова Данараның «Modern Methods of teaching English», 2-ші курс студенті Жалғас Перизаттың «Үш тұғырлы тіл саясаты-заман талабы», 2-ші курс студенті Джумагазиев Адилханның «Көптілділік білім – мәдениетті тұлғаның қалыптасуының негізі» тақырыбындағы баяндамалары өте қызықты және ауқымды болды. Баяндамалар белсенді түрде кафедра оқытушылары мен студенттерінің қатысуымен талқыланды. Конференцияның секциялық жұмысы жоғары деңгейде өтті. Аудиторияда отырғандар баяндаушылар қозғаған мәселелерге қызығушылығын танытты, көптеген оқылған баяндамалар ашық түрде талқыланды. Әрбір оқылған баяндамадан кейін сұрақтар қойылды және сол сұрақтарға байланысты пікірталас ұйымдастырылды.
5 сәуір 2016 жылы Қазақстан Республикасының 25-жылдық Тәуелсіздігіне орай «Көптілділік-мәдениетті тұлғаның қалыптасуының негізі» тақырыбында Дөңгелек үстел өтті. Бұл шараны «Шет тілдері және аударма ісі» кафедрасының оқытушылары ұйымдастырды. Дөңгелек үстелге «Шет тілі: екі шет тілі» және «Аударма ісі» мамандықтарының студенттері қатысты. Жұмыс барысында келесі студенттер өздерінің баяндамаларын оқыды:
- 322 тобының студенті Елеуов М. Тақырыбы: «Cross-cultural and multilingual education in the modern world»
- 324 тобының студенті Машбаева К. Тақырыбы: «Multilingual Education in Kazakhstan as the Innovation process»
- 311 тобының студенті Мубаракова А. Тақырыбы: «Көптілділік – заман талабы».
- 311 тобының студенті 4.Зинедденова Г. Тақырыбы: «Жеке тұлғаны қалыптастырудағы көптілділіктің маңызы».
- 311 тобының студенті Жаксыгереев Т. Тақырыбы: «Шет тілінің кәсіптік саласындағы маңызы».
Дөңгелек үстелге қатысушылар тілдік саясат, тілдік басымдықтарды алмастыру, білім жүйесіндегі кеңейтуді талап ететін көптілділік білім беру, тәжірибе алмасу, лингвистикалық капиталды үлкейту және қазіргі жағдайдағы тиімді пайдаланылатын мәдениетті тұлғаны қалыптастыру сияқты сұрақтарды қозғады. Студенттер белсенді түрде сұрақтар қойды, өз пікірлері мен талқыланған тақырып бойынша ұсыныстарын айтты және үш тілде пәндерді меңгеру тәжірибелерімен алмасты.
6 сәуір 2016 жылы Қазақстан Республикасының 25-жылдық тәуелсіздігіне орай «Шет тілдер және аударма ісі» кафедрасында «Business online. New technologies in business and working from home» тақырыбында Дөңгелек үстел өтті.Дөңгелек үстел отырысында келесі студенттер өздерінің баяндамаларын оқыды:
612 тобының студенті Жилкайдарова К. Тақырыбы: Perfect «Spare Time» Online Business.
632 тобының студенті Кабиева А. Тақырыбы: Business Online.
612 тобының студенті Мендешова А. Тақырыбы: New technology in business.
612 тобының студенті ГалиуллинаЛ. Тақырыбы: Advantages and disadvantages of online business.
632 тобының студенті Майснер А. Тақырыбы: Negotiations via the Internet.
632 тобының студенті Кайыржанова Т. Тақырыбы: Online Business in Kazakhstan.
632 тобының студенті – Утегенова Ж. Тақырыбы: Instagram, VK and other social networks in business.
612 топ студенті СеменовС. Тақырыбы: How to start Online Business.
Аталған баяндамаларды талқылау барысында онлайн бизнестің негізі, Интернет желісі арқылы тауарларды ұсыну мен қызмет көрсету тәсілдері, онлайн бизнесті жүргізудегі артықшылық пен кемшіліктер, Қазақстандағы бизнесті жүргізу сияқты мәселелер қарастырылды. Студенттер талқылау барысында белсенділіктерін танытты. Отырыстың соңында жауапты оқытушылар Дөңгелек үстелдің қорытындыларын атап өтті.



