Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің студенті Жастлек Надия 2016 жылдың 26 ақпанында «Тұран-Астана» университетінде өткен VII-дәстүрлі  ЖОО- аралық  жас ғалымдардың, магистранттардың, студенттердің «ЖАС ҒАЛЫМДАРДЫҢ БІЛІМ, ҒЫЛЫМ, ИННОВАЦИЯҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ» атты ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

ohL48UXrBn0

Ол «Батыс Алашорда үкіметінің  басшысы – Жаһанша Досмұхамедовтың 1911-1917 жылдары атқарған қызметі мен шығармашылығы»атты баяндамасын пленарлық отырыста қорғап шықты.  Жастлек Надия ғылыми-практикалық  конференциясында белсенді қатысқаны және мағыналы баяндамасы үшін мадақтама қағазымен және сертификатпен марапатталды. «Тұран» білім беру корпорациясының вице-президенті, экономика ғылымдарының докторы, профессор Әлиев Орақ Жолмұрзаұлы онымен кездесті.

2016-02-26-13-15-44-633

Пленарлық отырысқа 15 қатысушы қатысты.  Алматы, Семей және Ақтөбе калаларынан келген қатысушыларда болды. Конференция мына бағыттар бойынша жұмыс істеді:

№1 секция: Экономиканың нақты секторын қаржыландыру және диверсификациялаудағы инновацияның  өзекті проблемалары. 48 студент қатысты.

№2 секция: Қазіргі заманғы қоғамның әлеуметтік-гумманитарлық  және психологиялық-педагогикалық проблемалары. «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» секциясына 35  студент, ал «Психология және педагогика» секциясына 36 студент қатысты.

№3 секция. Салалық заңнама дамуының мәселелері мен болашағы. 48 студент қатысты.

№4 секция. Қазіргі заманғы ақпараттық қоғам дамуының жаратылыстану-ғылыми аспектілері. 27 студент қатысты.

№5 секция. Қазақстандағы туризм мен сервис саласының қазіргі таңдағы жай-күйі мен перспективалары. 19 студент қатысты.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz