2016 жылдың  4-8 сәуірі аралығында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті Ғылым апталығы аясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Молодежь и наука XXI века» (XXI ғасыр жастары мен  ғылымы) атты  XVI ғылыми студенттік конференцияны өткізеді.

 

Конференция жұмысы келесі секциялар бойынша жоспарланған: 

1-секция  Энергияны үнемдеу технологиялары. Құрылыс. Көлік.

2- cекция  Мұнай-газ ісі: болмысы мен келешегі.

3- cекция  Экология. Химиялық-биологиялық ғылымдар.

4-cекция  Физикалық-математикалық ғылымдар. Ақпараттық технологиялар.

5-cекция  Көптілділік қазіргі Қазақстан дамуының басым бағыттарының бірі ретінде.

6-cекция  «Мәңгілік Ел» құндылықтар ұстанымы негізінде қоғам үйлесімділігі мен бірлігін нығайту.

7-cекция  Қазақстан экономикасы дамуының өзекті мәселелері мен келешегі.

8-cекция  Қазіргі жастардың психологиялық-педагогикалық мәселелері

9-cекция  Жаратылыстану ғылымдары.

10-cекция Саясат. Тарих. Әлеуметтану.

11-cекция Тіл, әдебиет және мәдениеттану.

12-cекция Қазақстан Республикасындағы жастар саясатын жүзеге асыруды құқықтық реттеудің өзекті мәселелері

 

Конференцияның жұмыс жүргізу тілі:  қазақ, орыс, ағылшын

Конференция бағдарламасын қалыптастыру үшін 2016 жылдың  4 наурызына дейін келесі үлгіде баяндамалар тақырыбын тапсыруды сұраймыз:

 

  1. Борьба с пескообразованием при эксплуатации скважин на месторождении Каламкас

Даулетова Гаухар, студентка 3 курса ИТФ ЗКИТУ

Научный руководитель – Ихсанов К.А., кандидат технических наук, зав. кафедрой нефтегазового дела и отраслевых технологий ЗКИТУ

 

Баяндамалар тезистерінің жинағын басып шығару жоспарланған.

 

Тезистерді рәсімдеуге қойылатын талаптар:

Тезистер көлемі –   А4 (210х297 мм) пішіміндегі 1 бет, қаріп – өлшемі 12 кегль, қарапайым, Times New Roman, жоларалық интервал – 1,0. Беттер шеттері: барлық жағынан 2 см. Абзацтық шегерім – 1,25. Ортасында – қалың қаріппен бас әріппен баяндама аты; бос орын арқылы астына кіші әріптермен автор (авторлар), ғылыми жетекші  аты-жөні, бос орын арқылы оның астына жұмыс орындалған мекеме атауы, қала аты. Астына бос орын арқылы тезистер мәтіні жазылады.

 

Баяндамалар тақырыбы (секциясы көрсетілуі қажет) мен  баяндамалар тезистерін келесі мекен-жайға жіберуіңіз сұралады:

1-4 секциялар: Орал қ., Ихсанов көш., 44/1. БҚИТУ Инженерлік-технологиялық факультеті, 401 каб.Тел.: (8-7112) 50-09-43. E-mail: smu-zkitu@mail.ru.

5-7 секциялар:  Орал қ., Достық көш., 194 БҚИТУ Тілдер және менеджмент факультеті, 611/1 каб.. Тел.: (8-7112) 51-09-22. E-mail: smu-fyam@mail.ru.

8-11 секциялар:  Орал қ., Г. Караш көш., 12Д. БҚИТУ Педагогикалық факультеті,

204 каб. Тел.: (8-7112) 51-24-50. E-mail: wkitu_pedfac@mail.ru.

12-секция: Орал қ., Д. Нурпеисов көш., 12/1. БҚИТУ Гуманитарлық-заң факультеті, 321 каб. Тел.: (8-7112) 51-18-60. E-mail: smu-gyuf@mail.ru.

Жас ғалымдар кеңесі

                                                                            БҚИТУ Ғылыми-техникалық кеңесі

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz