2021 жылдың 6-7 сәуірінде педагогикалық факультеттің Жаратылыстану ғылыми пәндері кафедрасында «Білім және ғылым саласындағы жастар әлеуеті: көзқарастар, бағдарлар, келешегі» – атты студенттер мен магистранттардың ХХI халықаралық ғылыми конференциясы аясында «Дене шынықтыру және спорттағы ақпараттық технологиялар» тақырыбында 4 – секцияның отырысы өтті.

  Конференция қатысушылары алдында университет ректоры Р.С.Габдуалиева мен ғылыми жұмыстар және халықаралық қатынастар жөніндегі проректор В.А.Бурахта және Самара мемлекеттік әлеуметтік-педагогикалық университетінің ғылыми-зерттеу жұмыстар жөніндегі проректоры А.И.Репинецкий сөз сөйлеп, конференция жұмысына сәттілік тіледі.

   Секция жұмысы  онлайн форматта өтіп, 24 баяндама тыңдалды. Конференцияға қатысушылар саны 63, оның 12 – магистрант, 51– студент. Конференцияға Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, Саратов мемлекеттік заң академиясы студенттері мен магистранттары қатысты.

   Конференция барысында қарастырылып отырған тақырыптар барынша ашылып, қатысушылар ғылыми ізденістерімен бөлісті. Дене шынықтыру және спорттағы ақпараттық технологиялардың қазіргі таңдағы жай-күйіне талдау жасалды. Жұмыстардың нәтижесі конференция материалдары жинағына енгізілетіні хабарланды.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz