2021 жылдың 6-7 сәуірінде Педагогика факультетінің Педагогика және психология кафедрасында «Білім және ғылым саласындағы жастар әлеуеті: көзқарастар, бағдарлар, келешегі» атты студенттер мен магистранттардың  XXI халықаралық ғылыми конференциясы аясында «Білім берудің ақпараттық жүйесіндегі психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерді қалыптастыру» секциясының отырысы өткізілді.

   Конференция FreeConferenceCall онлайн платформасында ұйымдастырылды. Секция отырысында теориялық, эксперименттік және қолданбалы сипаттағы 28 баяндама тыңдалды. Қазіргі әлемде студенттердің бос уақытын ұйымдастырудың әлеуметтік-психологиялық проблемаларына, кіші мектеп жасындағы оқушылардың креативті ойлауының психологиялық ерекшеліктеріне, білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастыру ерекшеліктеріне арналған баяндамалар аудиторияның ерекше қызығушылығын тудырды. Сөйлеушілердің сөзі слайдтармен сүйемелденді.

   Қашықтық форматына қарамастан, секция жұмысы нәтижелі және мазмұнды болды. Жұмыс нәтижелері бойынша конференция материалдарының жинағы жарияланады.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz